Алматыда демалыс күндері автобустар жүрмейді


АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда 20-21 маусым күндері қоғамдық көлік маршрутқа шықпайды. Бұл туралы бүгін қала әкімі Бақытжан Сағынтаев ҚР Премьер-Министрі төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысынан соң айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Об этом сообщает Преступная Россия

«Қауіпті індеттің ушыға түсуіне байланысты Үкімет эпиджағдайды тұрақтандыру бойынша жаңа шараларды қолға алды. Осы орайда Алматыда да карантин режимін күшейту бойынша қосымша шаралар қабылданды.

Сенбі-жексенбі, яғни 20-21 маусым күндері қоғамдық көліктің қызметі тоқтатылады. Осыған байланысты қала тұрғындарын бұл жұмыстарға түсіністікпен қарауға шақырамын. Карантин шараларын босаңсыту – COVID-19-дың өршуіне әкеп соқты. Қала тұрғындарынан көшеде жүруін шектетуін сұраймыз. Әсіресе қарт адамдардың үйде отырғаны абзал», — деді қала әкімі.

Одан бөлек демалыс күндері саябақтар, скверлер мен жаяу жүргіншілер аймағы, өзендер мен су қоймаларының жағалаулары, тау шаңғысы курорттары және басқа да қоғамдық орындар, ірі сауда және қызмет көрсету нысандары жабылады.

Қосымша ақпараттарды 1308 нөміріндегі call-орталықтан білуге болады.

Бұған дейін ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің төрағалығымен ҚР аумағында коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу жөніндегі ведомствоаралық комиссияның (ВАК) селекторлық отырысы өткенін жазған едік. Онда ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасына сәйкес Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыру бойынша қосымша шаралар қаралды.



Источник: “http://lenta.inform.kz/kz/almatyda-demalys-kunderi-avtobustar-zhurmeydi_a3663153”